Қазақстанда кеме қатынасы Ертіс, Орал-Каспий және Іле-Балқаш бассейндерінде жалпы ұзындығы шамамен 3 262 шақырым кеме қатынасы учаскелері бойынша жүзеге асырылады. Кеме қатынасы учаскелері бойынша навигацияның ашылуы мемлекеттік тапсырыспен белгіленген мерзімде сәуір-мамыр айларында жүргізілді. Осы уақыт ішінде жүк өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға артық тасымалданды.