Көрісу немесе Амал күні негізінен Қазақстанның батыс облыстарында сақталған дәстүрлердің бірі. Бұл күнде жасы кішілер үлкендерге сәлем бере барып, «Бір жасыңызмбен», «Жас қайырлы болсын,» деп ақ баталарын береді. Әр үйде дастархан жайылып, ұлттық тағамдар қойылып, адамдар бір-бірімен құшақ жая амандасады. Өкінішке қарай, біздің өңірде бұл мейрам кенжелеп қалған. Бүгін осынау дәстүрлді қаладағы № 8 бала-бақша ұжымы алғашқылардың бірі болып бұл игі істі бастап кетті.
Бұл күні Бала-бақша алдына киіз үй тігіліп, дастархан жайылды. Шара барысында қазақ халқының ұлттық тағамдары Наурыз көже, қымыз, бауырсақ және басқа да ас түрлері әзірленіп, наурыз мерекесі тойланды. Сондай-ақ, бүлдіршіндер назарына Бұқар жырау музейінен әкелінген ұлттық аспаптар ұсынылды. Бала-бақша ұжымы «хим городок» мөлтек ауданында тұратын қарияларды қонаққа шақырып, тәрбиеленушілер би билеп, ән айтып өнер көрсетсе, ата-аналары ұлттық ойындарды ойнап, салтымызды насихаттады.
ір ерекшелігі Көрісу бір күнмен шектелетін мереке емес, ол наурыздың 14-нен басталып , айдың соңына дейін тойлана береді.